A Night in Hospital
Тереземді осып өтсе жарқанат, Қақырынып қояды бір қарғалар. Ай қызарып тұмсығының ұшында, Ит ұлиды, жел қарасын қармалап. Қажып бітіп қараңғылық зілінен, Қабырғалар күбірлесті түнімен. Тек тыныштық ән салады ыңылдап, Қабаттасып үнсіздіктің үнімен. Өшіп қалған үмітінің шырағы, Тар көшеде панасыз мас жылады. Албастының демін сезіп алыстан, Дірілдейді жапырақтар құлағы. Қалтарыста – қарақшылар күбірі. Бұрылыста – жезөкшелер сыбыры… Үрей […]