Poems

Босап қалған бөтелкесі шараптың

Босап қалған бөтелкесі шараптың –
Сұлық түсіп қаңыраған бос кеуде.
Басымызды басып алған, барақ мұң,
Болады ма сізді бізге дос деуге?
 
Көтерілген шарап толы тостаған
Сізден қалған көтере ме көңілді?
Тәнді мүжіп бөтелкедей бос ғалам
Шыбын жаным шылым болып шегілді.
 
Қағыстырып тост көтеріп отырмыз.
Қақтығысқан сөз секілді арада.
Ортамызда өгей шеше отыр күз
Томсыраймай томар қылып арала.
 
Өмір емес, сен кінәлі кешіккен...
Шарап бітті. Сөз таусылды. Қайталық.
Әрең шыққан жүрісіңмен есіктен
тағдырым да бірге кетті шайқалып.

Share this poem