Бəрін көріп-біліп тұрған – осы Күн... The Sun is one who sees and knows everything…

Бəрін көріп-біліп тұрған – осы Күн...

Бəрін көріп-біліп тұрған – осы Күн.
Жер сабырдан жаратылған қарындай.
Мен бір шетін көріп қалып, шошыдым,
Бұлар қалай шыдайды екен жарылмай?! Ала көкте адасып жүр құсым мың,
Ақ таулардан аса қоймас енді үнім.
Ештеңенің өзгермесін түсіндім
Терезеге қарап тұрып мен бүгін... Ірі қала. Сірі көңіл. Тірі күн.
Жапырақтар танымайды бақытты.
Бір сағыныш ертіп алып құлынын,
Қуалап жүр тоқтамайтын уақытты. Ілесе алмай шабысына заманның,
Жалғыздықтың шырмауында қысылып.
Терезеден қарап тұрмын, аманмын – 
Бақыт деген осы екенін түсініп…
 

Original Poem by

Gulnar Salykbay

Translated by

Assiya Issemberdiyeva with The Poetry Translation Workshop Language

Kazakh

Country

Kazakhstan